Олар сапалы қызметке қол жеткізе алмай отырған алыстағы ағайынды медициналық тексеруден өткізді. Жарты жыл бойы пойыз мамандары 147 бекеттің тұрғындарын демалыссыз қабылдаған. Жұмыс барысында емдеу-консультациялық қызметпен бірге 5 мыңнан астам шағын операция жасалып, 26 мыңнан астам адамға стоматологиялық қызмет көрсетілді.
Альфия Әдиева, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры: - Енді өздеріңіз білесіздер, ауылдарда 1 ғана дәрігер мен фельдшерлер, жай ғана медициналық бөлімдер жұмыс жасайды. Әрбір медициналық пойыз әр ауылда 2 күн тұрақтады ғой. Көбіне екпе аурулары, демікпе, инсульт, экг-ге түсуші, узи-ге түсуші тұрғындарымыз көп болған.