Ақсу қант зауыты ақпан айынан бастап қант құрағын өңдей бастайды

  • 1135
  • 02.12.2022, 18:26

Президент аймақтағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізуді міндеттеген еді. Соған сәйкес мекемеде жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Нақтырақ айтқанда қосымша құрал-жабдықтар әкелініп, қант қызылшасына арналған техника құрақты өңдейтіндей етіп жасалып жатыр. 

Есім Базарханов, Ақсу ауданының әкімі:
-Тросникті өңдеуге осыдан жұмыс жасауға нақты тапсырма берілді. Бұйырса осы 8 айдың ішінде олар 80 мың тонна тросникті өңдеуге кірісуі керек.