Қазір онда тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су келіп жатыр. «Мерзімінен бұрын толған қойма көктемде тасуы мүмкін», — деп мамандар дабыл қағып отыр. Әрі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Шардара» қоймасының суын 70% асырмау жөнінде ұсыныс хат жолдаған. Онда Үкімет деңгейінде штаб құру мәселесі де көтерілген.
Махамбет Жазықбаев, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының басшысы:-Шардара былтырғы жылы осы уақытта почти 2 млрд 200 болған. Қазір былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100% артық болып отыр. Сондықтан қазір сол Қызылорда облысына қарай біртіндеп, біртіндеп су деңгейін тастауды көтеру керек сияқты.