Тергеу барысында күдікті азаматтың салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмегендігі және мұндай өнімдерді сатуға рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды.
Ізбасар Жұмажанов, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:- Департамент осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Көлеңкелі айналымнан алынған өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады.