Қызыл жалын дер кезінде сөндірілгенімен, қаладағы үйлерде жылу температурасы біршама төмендеген. Қазір жылу орталығындағы ақау шыққан көмір беру цехы жөнделіп жатыр. Мұндағы 4 қазандық та мазутпен жұмыс істеп тұр. Бес күнге жететін мазут қоры бар.
Даниал Ахметов, облыс әкімі: - Қазіргі таңда осы жерде 380 тонна мазут бар. Жолда тағы 960 тонна келе жатыр. Сонда 1200 тонна мазут бар. 3 күннің ішінде барлығын қалпына келтіреміз.
Елжас Талқанов, «РИДДЕР ЖЭО» АҚ өндірістік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры: - Қазіргі уақытта Риддер жылу орталығында 4 бу қазандығы жұмыс істеп тұр. Барлығы 6 бу қазандығы бар. Оның біреуі – резервте, біреуі – жөндеуде. Түнгі 12-ге дейін жөндеу жұмысы бітеді. Энергетиктердің есебінше, Риддердегі жылу орталығын толық қалпына келтіру үшін 8 млрд теңге қаржы қажет. Ал кәсіпорынның бұған мүмкіндігі жоқ. Жекеменшік компания қарызға белшесінен батқан. Тек қана жөндеу жұмысын жүргізетін ұйымдарға 3 млрд теңге берешек. «Орталықтың ісін ілгері бастырудың бір ғана жолы бар. Мемлекеттің құзырына беру керек. «Бұл шешімді 22 мың тұрғын күтіп отыр», – дейді облыс басшысы.
Авторлары: Азамат Қасым, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин