Сусын өндіретін кәсіпорын әлі күнге дейін инженерлік жүйеге қосылмаған. Шарт бойынша зауытты су және электр желімен қамту жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Қаражаттың шамамен 80% аударылғанымен, жауапты компания міндетін орындамай отыр. Жағдайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменді қатаң бақылауға алды.
Серік Орымбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы:-Серіктестік уәде берді бізге осы кездесуде. Наурыз айында уәдемізді орындап, келісімге келдік сондай. Зауыт инженерлік сеттардың бәрін қосуға. Сол уәдесін ұстайды деп ойлаймын.