Салдарынан қар еріп, сел жүруі ықтимал. Қауіптің алдын алу үшін облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тікұшақпен өңірдегі таулы аймақтарға барлау жүргізген. Өткен жылмен салыстырғанда қардың 30% қалың түскені анықталды. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды өз үйі маңындағы арықтардың мұзын ойып, тұрмыстық қалдықтардан тазалауға шақырды.
Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:-Жетісу облысының аумағында бес ауданның аумағында 7 тасқын жүру қауіпі анықталған. Тасқын қауіпі учаскелерді күнделікті мониторингтеу мақсатында «Қазселденқорғау» және «Қазгидромедтің» 52 гидропосттары құрылған. Қауіпті учаскелерді алдын-ала анықтау және сол жердегі қауіптің алдын алу мақсатында ТЖД жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, профилактикалық іс шаралар атқаруда.