Зейнетақы активтерін шетелдік компаниялардың басқаруына беру қажет. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қордың инвестициялық қызметін жетілдіру үшін өзгерістер керек екенін мәлімдеді. Соған сәйкес салымшылар зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін жеке басқаруға бере алады. Бұл — барлық салымшыға берілетін мүмкіндік. Ал қазіргі уақытта мұны тек жеткілікті шегі бар азаматтар ғана пайдаланып отыр.