СҚО-да генерал-майор Берік Біләлов ұсталды

  • 916
  • 24.02.2023, 18:08

Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған Берік Біләлов ұсталды. Ол бұл қызметке өткен жылдың қарашасында тағайындалған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, генерал-майор алаяқтық жолмен ақша иемденген деген күдікке іліккен. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бас Прокуратураның шешімімен істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.