Көкшетауда жедел-жәрдем көлігін өткізбеген үш жүргізуші жазаланды
Жол тәртібін бұзған азаматтар арнайы ұйымдастырылған рейд барысында анықталды. Ал дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта жедел-жәрдем көлігін өткізбек түгілі жолын кесіп өтетіндер көбейген. Былтыр 6 жүргізуші жедел-жәрдем көлігін соғып кеткен.
Александр Высоцкий, облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:
- Бізде жүргізушілер тәртібі өте ақсап тұр. Әсіресе жүргізуші куәлігін енді алған жастар көмекке асыққан жедел-жәрдем көлігін өткізбейді. Тіпті былтыр жөл-көлік оқиғасына түскен біздің жүргізушілер кінәлі деп танылды. Біз осындай шара арқылы көлік тізгіндеушілеріне жедел-жәрдем жұмысының маңыздылығын түсіндіргіміз келеді.