Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?

  • 1209
  • 18.04.2023, 18:16

Сенат депутаттары күштік құрылым өкілдеріне осындай сауал қойды. Қорғаныс саласының мамандары бұл бағытта ауқымды шаралардың қолға алынып жатқанын айтты. Мәселен, алдағы уақытта әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары көбейеді. Қазірдің өзінде ата-аналар сарбаздардың жағдайын үнемі біліп отыруға толық мүмкіндік алып отыр. Тіпті киім, тамақ сапасын қадағалай алады. Ол үшін әр әскери бөлім жанынан арнайы ата-аналар комитеттері құрылған.

Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы:
- «Ананың көзімен баланың әскери қызметі» деген қазір үлкен ауқымды акция жүріп жатыр. Оның аясында бүкіл ата-аналардың керек кезде өздері толыққанды мәлімет біздің қарулы күштен ала алады. Одан басқа ата-анасымен бейнеқоңырау деген, аптасына екі рет. Ата-анасымен визуалды түрде экраннан, монитордан өзі қарым-қатынас жасай алады.