Өскемен тұрғыны сұлулықтың құрбаны болды
Өскемен қаласы тұрғынының операция кезінде көз жұмуына не себеп болды? Бұл іс бойынша косметологтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салсақ, 16 сәуірде 61 жастағы қала тұрғыны қабақтың артық терісін алдыру мақсатында блефоропластика жасатқан. Дәл сол жерде жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілгенімен, жан тапсырады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан көз жұмған. Полицейлер косметикалық операцияны арнайы лицензиясы мен сертификаты жоқ Қытай азаматы жасағанын анықтаған.
Мәдина Орынбасарова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:
-ҚР ҚК 322-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.