Ауылдағы балалар ала жаздай туған өлкесінен алыстамай, демалыстың дәмін татпай жазды өткізеді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осы жайлы алаңдайтынын айтыпты. Айтты да, өңірдегі оқушыларды мәдени-тарихи жерлерге, Астанаға апарып қыдыртуды тапсырды. Сондай-ақ лагерлердегі жатар жерлері мен ішім-жемдері дұрыс болсын деп ескертті. Мұны естіген Оқу-ағарту министрі мүдірместен, елдегі 3,7 млн оқушының 85% жазғы демалыс және сауықтыру орталықтарына барады, 10 мыңнан астам лагерь дайындалып жатыр деп есеп берді. Ол ол ма, 3 ай демалыста 11 мың үйірме жұмыс істейді деп уәде берді. Cоңғы қоңырау соғылған жоқ. Себебі оқу жылы 36 аптаға ұзартылған. Балалардың жазғы демалысы 1 маусымнан басталады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: - Мемлекеттік стандарттың, бағдараламаның 36 аптаға қатысты дүние енді оны бірден қалпына келтіру мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. 6 күндік оқу жоспарына алып келеді немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын нәрсе емес қой. Мамандар шешім қабылдауы керек.