Тазы тұқымы көбейіп, қазақы ит ретінде әлемге мойындалмақ. «Қазақстан кинологтар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бельгияның Тюэн қаласына барып, Халықаралық кинология федерациясына кіру үшін ресми өтініш жасаған. Енді бұл мәселе 21-22 тамызда Женева қаласында өтетін федерацияның бас ассамблеясында шешілмек. Халықаралық сарапшылардың қойған талаптары – қаны бұзылмаған, басқа иттермен будандаспаған, тұқымы үздіксіз үш төлге ұласқан болуы шарт.
Бауыржан Серікқали, «Қазақстан кинологтар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті: - Халықаралық федерацияның тәртібі бойынша ұйымға мүшелікке өтудің 3 деңгейі бар. Бірінші деңгей – келісімшарт бойынша. Екінші деңгейі – қауымдастық түрінде. Үшінші деңгей – толық мүше. Бүгінгі күнде Қазақстан қауымдастыққа мүше ретінде болып тұр. Яғни екінші деңгейдеміз.