Қазақ тазысы әлемдік байқауда топ жарды
Швейцарияның Женева қаласында World Dog Show деп аталатын әлемдегі ең ауқымды иттер көрмесі өтті. Тұмар және Вангелия атты қазақтың екі тазысы өз тобында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы байқауда бірнеше жоғары жүлдеге ие болып, көрермендер иттің осы түріне қатты қызыққан. Сонымен шара барысында кинологтардың әлемдік Ассамблеясына Қазақстанның кіруін мүше елдердің басым көпшілігі қолдады. Бұл ұйымға өтіп, қазақтың тазысы мен төбетін ресми түрде тіркеуге болады. Жеті қазынаға кіретін тазының біздің жерімізде мыңдаған жылдар бұрын пайда болғаны туралы көптеген дерек бар. Ежелгі петроглифтерде осы иттердің ойнап жатқан суретін көруге болады.
Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:
- Негізі тазы төбетпен біздің халыққа өте қасиетті ит болып саналады. Өте төзімді иттер болған соң, көшпенділер болған соң алыс мың километр қашықта қиналмай жүре алатын иттер ғой. Үлкен денгейде өтті Ассамблея. 98% елдер бізге дауыс берді Қазақстанды толық мүше ретінде қабылдауға. Енді біз сол тазы, төбетті қазақтың иті деп бүкіл дүниеге тіркеп, соны айта аламыз. Қазір олардың иесі ресми түрде жоқ. Барлығы біледі олардың қазақ иттері дегенін, бірақ олар ресми түрде тіркелген жоқ.