Елімізде газ өндіру көлемі артады
Себебі Қашаған кен орнында ірі газ өңдеу зауыты салынып жатыр. Мұны Еуразия энергетикалық форумында еліміздің Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Айтуынша, аталған нысан бастапқыда жылына 1 млрд текше метр газ өндіреді. Кейіннен бұл көрсеткіш біртіндеп 6 есе өседі. «Қарашығанақта да дәл осындай өндіріс ошағын салу үшін қазір мердігер таңдалып жатыр»,— дейді ведомство басшысы. Жаңа зауыттың қуаты жылына 4 млрд текше метр газ өндіруге жетеді.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
-Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниясы қазір Қазақ газ өңдеу зауытына жаңғырту жүргізуде. Жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Барлық жобалар бақылауда.