Ол үшін 50 шақты жер үй сүріліп, қожайындарына өтемақы төленді. Қазір жер қазылып, құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Мұнда келесі жылы 1200 орындық заманауи мектеп бой көтереді. Ал алдағы 5 жылда қаланың солтүстік жағалау бөлігінде тағы бірнеше үй сүріледі. Онда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Жаңа ықшамауданның инфрақұрылымы заман талабына сай болмақ.
Димитрий Гариков, облыс әкімінің орынбасары:- Жаңа мектеп салу мақсатында 46 жеке баспана сүрілді. Ол үйлердің жалпы құны 1 млрд 360 млн теңге. Жаңа ықшам ауданда бюджеттік мекемелер, конгресс-хол, стадион, 300 орындық емхана және жедел жәрдем станциясын салу жоспарланып отыр. Қалған бөлігіне инвесторлар есебінен көппәтерлі тұрғын үй салынады. Тағы бір ескерте кететін жағдай, мұнда келген инвестор тұрғындарға өтемақыны өзі төлейді.