Елімізде отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылды. Енді азаматтар 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы әрі тегін хабарласа алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Еске сала кетейік, Жолдауда Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.