Республика күні қарсаңында Абай облысының Шар қаласында батырлар аллеясы ашылды. Ауған соғысы ардагерлеріне арнап стелла орнатылды. Аллеядағы ескерткіш тақтаға осы өңірден екінші дүниежүзілік және тәжік-ауған соғысына аттанған 2,5 мыңға жуық ардагердің есімі жазылған. Сондай-ақ мешіт пайдалануға беріліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Әрі шаһардың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.