Атырау облысындағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын көпбейінді колледж студенттері күзгі жиын-терінге ат салысып жатыр. Бұл дуалды оқытудың жемісі. Олар жыл бойы алған теориялық білімін тәжірибеде шыңдайды. Егіншіліктің қыр-сырына қанығып, қосымша табыс табады. Бұл топта агроном, ветеринар және фермер секілді 6 түрлі мамандықтың өкілі бар. Колледжде 200-ден астам студент оқиды. Дуалді оқыту жүйесін дамыту үшін 50-ге тарта шаруашылықпен келісім жасалған. Көзге түскен жас мамандар шаруашылықтарға жұмысқа орналаса алады.
Дарина Горшкова, студент:-Менің мамандығым тракторист-машинист. Осы поляда біз жұмыс істейміз. Бізге ақы төлейді. Мұнда жұмыс істеу өте қиын, бірақ құрбыларыммен қызық. Коллледжіде оқығандарымызды осы жерде үйренеміз.
Қайырғали Таудаев, оқытушы:-Көктемде олар егу технологиясын меңгерген болса, қазір ору жинау жұмыстарын үйреніп, осы жерде көптеген өздеріне мағұлмат алып жатыр. Жалпы колледждің мақсаты біреу: ол саналы ұрпақ тәрибиелеу, және сапалы да білікті жас кадр даярлау.