Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының облыстық филиалының өкілдері сала басшыларымен осы мәселені талқылады. Сондай-ақ өңірде медициналық қызмет сапасына шағымданушылар артқан. Дертіне дауа іздеген науқастардың көбі көрші Қарағанды облысына барып емделуге мәжбүр. Саяси ұйым өкілдері бұл түйткілді назарға алатынын айтты. Қарлығаш Сыздықова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары: - Бөлімнің бастықтары келіп, бүгінгі мәселеміз бойынша олар күресіп жатқандығын айтты. «Шақырылып жатыр»,- деді кадрлар. Кадрлар шақырылып, оларға үй мен ақша жөнінде көмек жасап жатқанын айтты.