Иә, абай болған жөн. Өйткені алдағы күндері ел бойынша қалың тұман түсіп, бұрқасын соғады. Жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Синоптиктер осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, сынап бағанасы әсіресе солтүстік-батыс пен солтүстікте төмендейді. 33 градусқа дейін аяз болады. Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда 18 градусқа дейін суық күтіледі. Оңтүстікте сынап бағанасы -13 градусқа дейін төмендейді. Ауа райы қолайсыздығы қазірдің өзінде Өскемен мен Павлодарда сезіліп жатыр. Бүгін бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, бірқатар тасжол жабылды.