Астанада Президент шыршасы өтті

  • 1671
  • 29.12.2023, 18:54

Мерекелік шараға елдің түкпір-түкпірінен 100 оқушы келді. Көңілді кеште қызықты қойылыммен бірге сыйлықтар да табысталды. Алдымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады. Кейін сөмке, IPad, энциклопедия топтамасы мен тәттілер салынған дорба таратты.

Өнерімен, білімімен ерекшеленген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған еді. Енді елордада Президент шыршасын жақты.