Абай облысындағы мейрамхана балабақшаға айналды

  • 1242
  • 11.01.2024, 18:13

Абай облысының Ақсуат ауданында 170 жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Аудан орталығы Ақсуат ауылында бұған дейін тек екі бөбекжай болған.

Жуырда аудандағы бір мейрамхана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектепке дейінгі білім беру мекемесіне айналды. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Мәселені шешу үшін 2027 жылға дейін өңірде 9 балабақша салу жоспарланған.

Саят Садуанов, балабақша құрылтайшысы: 
- Кластар жасап қойдық. Білім беру орталығы. Осыдан шыққан түлектеріміз, басқа да балалар келіп білімдерін бір орталықта көтереді мысал үшін. Ол жерде математика болады, өнер болады, шахмат болады.