Қаладағы коммуналдық қызмет өкілдері екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшкенімен, нәтиже жоқ. Аумағы 70 мың шаршы шақырымға тең Риддерді қардан тазалауға 13 техника жетпей жатыр.
Мамандардың айтуынша, 10 күн ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түскен. Салдарынан қала ішіндегі жолдар мен аулалар қар астында қалды. Тұрғындар болса шағым айтып, жергілікті әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған.
Анна Васильева, Риддер қаласының тұрғыны: - Әкімдік жұмысына көңілім толмайды. Көшелерді қардан тазарту жұмыстары сылбыр.Рауан Құрметұлы, Риддер қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:- Біз табиғаттың мұндай тосын сыйына дайын болмадық. Қар 15 күн бойы тоқтамай жауды. Соның кесірінен коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысы қиындап кетті.