Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин осы Мәжілісте қаралған әйелдер мен балалар құқығын қорғау туралы заң жобасына қатысты Telegram-да өз пікірін жариялады. Құжатта тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған. «Адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді»,— деп жазды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
-Жалпы осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады.