Мамандар тоңның қалыңдығы мен ылғал мөлшеріне қарап, биылғы тасқын қаупінің жоғары болатынын айтады. Оқыс жағдайға жедел әрекет ететін арнайы топ жасақталып, су басу қаупі басым аудандарға жіберілді. Тасқынға қарсы іс-шараға 1 мың 200 адам мен 500-дей техника дайындалған. Сондай-ақ Ертіс өзеніндегі мұзды жару жоспарланып отыр.
Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:-Төтенше жағдайлар департаменті толығынан дайын жанағыдай су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бүкіл жеке құрам керекті жарақтармен барлығымен қамтылған. Ақсуат ауданында арнайы топ жіберіледі мына ауа-райына байланысты осы аптада күндізгі температуралар жоғарлайды соған байланысты ертерек сол топты жіберіп отырмыз.