Қонаевта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылды

  • 1997
  • 15.04.2024, 19:36

Ал Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясының аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын қоқыстан тазартты. Облыс аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Бүгін өңір жастары мен еріктілер Қонаев қаласының іргесіндегі «Тамғалы тас» археологиялық кешенін, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев мұражайы мен «Таңбалы» қорық аумағын жинастырды.  

Аружан Оразова, Қонаев қаласының тұрғыны:
-Елдің тазалығы, киелі жерлердің ары қарай дамуы
— біздің қолымызда. Ең бастысы айналамызды шашпай, өзіміз жинап, өзіміз әрі қарай көркейтсек, бізге керек, әрине. Шетелден қаншама азаматтар бұл жаққа келіп, кәдімгідей тамсанып қарайды.