Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын қабылдады

  • 1437
  • 17.04.2024, 19:13

Қоғамда көптен бері қызу талқыланып жүрген «Масс-медиа туралы» заң Мәжілісте мақұлданды. Аталған құжат саланы құқықтық тұрғыдан дамытуға бағытталған. БАҚ-тың мәртебесін арттырып, журналистердің қорғалуын көздейді.

Ал қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылады.

Алдағы жылдары медиакеңістіктегі мемлекеттік тілдің үлесі 60% жетеді. Қазір бұл көрсеткіш 50%. Ал шетелдік телерадио хабарларды ретрансляциялау көлемі 20-дан 10% дейін қысқарады. Сондай-ақ жарияланғанына 1 жылдан асқан материалдарға ешкім шағымдана алмайды.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Жалпы бұл біздің заңнамада болмаған нәрсе. Бір жылға деп бекітілді. Үшінші бағыт
– ол біздің ақпараттық кеңістігімізді дамыту және ақпараттық егемендігімізді бекіту. Келесі бағыт – мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мәселесі, гранттық қаржыландыру, бұған қоса отандық контентті ұлғайту.