Биыл су тасқынынан зардап шеккен, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 20 мың бала жазғы демалысын еліміздің өзге өңірлерінде өткізеді. Жеткіншектерге мұндай мүмкіндікті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ұсынып отыр. 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облысынан шыққан 130-ға жуық бала Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы демалыс лагеріне жайғасты.
Сымбат Салауат, 7-сынып оқушысы:-Менің лагерьге үшінші рет келуім. Бұл жақта бізге 5 мезгіл тамақтандырады. Табиғаты өте керемет. Жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Қазіргі таңда достарымыз өте көп.
Шоқан Қайырғалиұлы, лагерь құрылтайшысы:-Бағдарламаға байланысты 80% демалысқа арналған. 20% біз балаларға ағылшын тілін үйретіп, пайдалы құндылықтарды үйретуге тырысамыз. Бағдарламаның ішінде заманауи балалардың өздеріне қызық элементтер көп. Осы жазда 9 сезон өткізіп, 1500 баланы демалдырамыз деп ойластырып отырмыз.