Хабар телеарнасы

Биыл 175 адамға екпе салу жоспарланып отыр

11 жасқа толған жасөспірім қыздарға жатыр мойыны обырына қарсы екпе салынады. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында репродуктивтік, денсаулықты сақтау және нығайту шаралары сөз болды.

Мамандардың айтуынша, әлемде жыл сайын 300 мыңға жуық адам жатыр мойны обырынан көз жұмады. «Кеселдің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина», - дейді дәрігерлер.

Биыл 175 адамға екпе салу жоспарланып отыр. Бұл – ерікті түрде жасалатын және тегін болатын ем-шара. Репродуктивті денсаулық апталығы аясында барлық өңірдегі емханаларда ашық есік күні өтіп, 120 мыңнан астам адамға кеңес берілген.

Шәкизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы:

- Әлемнің 175 мемлекетінде бұл вакцина жүргізіліп отыр. Вакцина енгізілген елдерде қазір нақты көрсеткіш бар. Жатыр мойны обырының төмендегені, содан болатын өлімнің төмендегені. Сондықтан біз насихаттаймыз. Барлық ата-анаға соны айтамыз. Жатыр обыры болмас үшін қыз балаларға 11 жастан бастап екпені қабылдау керек.