Қостанайлық құтқарушылар балшыққа батқан 20 адамды құтқарды

  • 1003
  • 08.07.2024, 19:12

Қостанайлық құтқарушылар балшыққа батқан 20 адамды құтқарды. Оның жетеуі - бала. Аққабақ елді мекеніне жақын маңда нөсер жауып, көлге шомылуға келгендер көлікпен кері шыға алмай қалған. Төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды Тобыл қаласына дейін жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.