Экосақшылар өзендер мен жол жиектерін қоқыстан тазартты. Ал «Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенділері еріктілердің қатысуымен Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік өтті. Жыл басынан бері өңірде 204 саябақ, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілген. 7 мыңнан аса су нысаны, 26 фонтан, 348 шақырым арық тазартылды. Елді мекендерден 29 мың тонна қоқыс шығарылған.