Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

ДКО: Көкпардан Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. LIVE

  • 1461
  • 12.09.2024, 19:38

Көшпенділер ойыны шарықтау шегіне жетті. Бүгін жанкүйерлер асыға күткен көкпар мен көкбөріден жеңімпаздар анықталды. Қарсыластарын қосымша кезеңде сан соқтырған қазақ жігіттері көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанса, көкбөріде қырғыздардың асығы алшысынан түсті.

Жалпы командалық есепте қазақ спортшылары медальдан тау тұрғызды. Алыптар айқасы мен асық атуда да жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Күрес түрлерінен қазақ палуандары намысты қолдан берген жоқ.