Астанада барлық дауыс беру орындарында мүгедектігі бар азаматтар үшін 66 инватакси көлігі жұмыс істеп тұр. Референдум учаскесінде де қосымша қажетті аудио құралдары мен бейнежазба ақпараты бар.
Әсемгүл Әбдірахманова, әлеуметтік қызметкер:
- Маған бәрі ұнады. Мені ұйымдастырушылар қарсы алды. Арнайы батырма да, пандус та қарастырылған екен және инватаксидің ұйымдастырылғаны үлкен мүмкіндік. Референдумға қатысу – әр адамға азаматтық парыз. Мен де көптен қалмай, борышымды өтегеніме қуанып тұрмын.