Донор 4 адамға өмір сыйлады

  • 530
  • 01.11.2024, 19:42

Шығыс Қазақстанда бір донор 4 адамның өмірін сақтап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, инсульт алған 39 жастағы азаматтың жағдайы ауырлап, оған бас миының өлімі диагнозы қойылған. Туыстарымен жүргізілген әңгімеден соң, олар марқұмның қажетті ағзасын алуға келісімдерін берді. 6 сағатқа ұласқан операциядан кейін ағзалар санавиация арқылы Астанаға жеткізілген. Осылайша бүйрек ауыстыруға мұқтаж 9 жастағы қыз бен 58 жастағы азаматқа ота жасалды. Жүрек пен өкпе де трансплантацияға зәру науқастарға үміт сыйлады. Мамандардың айтуынша, елімізде мәйттік донор тапшы. Бүгінде күту парағында 4 080 адам тіркелесе, соның 300-ге жуығы шығыс қазақстанның тұрғындары.

Аслан Нұрғалиев, ШҚО бойынша трансплант-үйлестіруші:

- Негізі донордың туысқандарына үлкен тағзым үлкен рахмет. Бір жыл көлемінде  екі рет, толық бір жылда екі рет беріп отырмыз.Бізде ШҚО сол екі мәйіттік донор арқасында  біз 9 адамның өмірін сақтап қалдық.