Қызылорда қаласында 2025 жылы жаңа жылу электр орталығы пайдалануға беріледі. Бұл облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының құрылысы аяқталып, ондаған әлеуметтік жоба іске қосылады. Бұл туралы брифинг барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібі бойынша 11-ші орында еді. Ал қазір көшбасшылар қатарында. Өңірде 31 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Бұдан бөлек, заманауи жылу электр орталығы салынып жатыр.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
-215 млрд. теңгеге «ASKA ENERGY» түрік компаниясының жобаны жүзеге асыруымен ЖЭО құрылысы салынуда. Бұл еліміздегі жеке қаржыға салынып жатқан ең алғашқы ЖЭО бірі. Бұл 240 мВт электр энергиясын шығарады.