Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

  • 485
  • 06.01.2025, 18:30

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол аталған аймақта 1 жылға жуық облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал бүгінге дейін Түркістан облысын басқарып келген Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.