Хабар телеарнасы

Жайылым тапшылығы шешіледі

Елді мекенге өте жақын орналасқан егістік жерлері кәсіпкерлерден мемлекетке қайтарылуы мүмкін. Әсіресе, жайылым тапшылығын көріп отырған ауылдарға беріледі. Жағымды жаңалықты Жер ресурстарын басқару комитетінің өкілдері бөлісті. Айтуларынша, «Жайылымдар туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Өйткені қазір елде жүздеген ауыл мал өрістететін жер таппай, қиналып отыр. Одан бөлек Қазақстанда 27 млн гектар жайылым әбден тапталып, тозып кеткен. Құзырлы орган мамандары, пайдаланылмай жатқан жер туралы да айтты. Соңғы 3 жылда 12 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Енді жайылым тапшылығы мәселесі де шешіледі деген сенім мол.

Дәулет Бижанов, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары:

-Елді мекендердің айналасындағы жайылым мәселесін шешуде Жер кодексінің 84-бабына тиісті өзгерістер енгізілді. Яғни қоғам үшін керек жайылым жерлерді мемлекет алып қоюға жатады. Осындай бір заңдарға тиісті өзгерістер енгіздік. Биыл соның оң нәтижесін көреміз деп ойлаймыз.