Хабар телеарнасы

LRT қыркүйекте іске қосылады

Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Оның сөзінше, осыдан 14 жыл бұрын басталған жобаның аяқталуына сәл ғана қалды. Дәл қазір LRT эстакадасының бағананалары тұрғызылып, темірбетонды арқалық төселген. Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22 шақырымнан асады. Осы жол бойында 18 станса тұрғызылады. Алдағы жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады.

Артынша алғашқы пойыздар келеді. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың жолаушы қатынайды деп күтілуде. Кейін бұл сан 92 мың адамға жетуі мүмкін. Төлем көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы қабылданады.