Абай облысында қар құрсауында қалған 106 жолаушы құтқарылды

  • 580
  • 30.01.2025, 19:24

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше Қостанай мен Абай облыстарындағы жолдарда қар құрсауында қалғандар құтқарылды. Түнде Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылы арасындағы блокпостта жолаушылар мінген 3 автобус тоқтап қалған. 106 жолаушы жылыту пунктілеріне орналастырылды, арасында 20 бала бар.