4 мыңнан астам шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан
Елімізде 4 мыңнан астам шетел азаматы такси қызметін заңсыз атқарған. Бұл жөнінде Алматы қалалық прокуратурасы мәлімдеді. Құзырлы мекеме 400-ден астам таксопаркті анықтады. Олардың басым бөлігі Алматыда тіркелген. Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарап жатыр. Елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктер мен шетел азаматтарына қатысты тиісті шаралар қабылданды. Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша 346 шетелдік таксист және 519-бабына сай 148 адам шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, 112-сі қамалды, ал 156 шетелдік елден шығарылды.