Үкімет басшысы шығыстардың негізсіз артуына жол бермеуді міндеттеді

  • 340
  • 06.02.2025, 18:34

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясының отырысын өткізді. Жиында бірқатар жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Оның ішінде орман тәлімбағын құру, ұлттық гидро-метео-рологиялық қызметті жаңғырту, өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы экологияны жақсартуға бағытталған бастамалар бар. Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін жобалар да қарастырылды. Премьер-министр процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына жол бермеуді міндеттеді. Оған қоса, бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейтіп, сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылады.