Павлодар облысында алты адам құтқарылды. Өңір жаңалықтары
Павлодар тұрғындары дүр сілкінді. Қаладағы 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Ақпарат жалған болып шықты. Оны таратқан адамға іздеу салынды.
Сондай-ақ бүгін елордадағы мектептерде екінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары онлайн оқыды. Оған себеп - күн райының қолайсыздығы. Қатты желден Теміртау қаласы маңында жүзден астам көлік тұрып қалды.
«Астана-Қарағанды-Алматы» бағытында қатынайтын көліктер жүрісін тоқтатты.
Елордаға бара жатқан 113 жүк, 98 жеңіл, 2 қоғамдық көлік Теміртау маңында тұрып қалды. «Қатты жел мен бұрқасын салдарынан әсіресе Баймырза-Ұшанды ауылдарының арасындағы жол көрінбейді»,– дейді құтқарушылар.
Ақмола облысының Жақсы ауданында жолда қалған 2 көліктен үш адам құтқарылды.
Қар құрсауыннан шығарылған жолаушылар Моховое ауылындағы жылыту пункітіне орналастырылды. Степное елді мекені маңында тағы бір көлік жүргізушісі жылыту орнына жеткізілді.
Павлодар облысында алты адам құтқарылды.
Мінген жеңіл көліктері Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасында тұрып қалған. Көмекке жеткен жолаушыларды Шідерті ауылына апарды.