Ақтаудағы энергетикалық комбинат су тұщыту зауытына ₸158 млн теңге қарыз
Ақтаудағы энергетикалық комбинат тұщыту зауытына 158 млн теңге қарыз. Мәселе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қаралды. МАЭК былтыр маусым айында шаһарды ауызсумен қамтамасыз ете алмай зауыттан көмек сұраған. Кәсіпорын тіршілік нәрінің бір текше метрін 449 теңгеге бағалап, қазан, қараша айларында құны 161 млн 581 мың теңге болатын су берген. Алайда энергетикалық комбинат 3 млн теңгесін төлеп, қалғанын қайтармай қойған. Сот алқасының көмегімен тараптар медиативтік келісімге келді.
Арыстанбек Бекболатов, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы:
-Борышкер, яғни МАЭК кәсіпорны талап қоюшы Каспий су тұщыту зауытына 158 млн теңге көлемінде қаражатты бөліп төлеу келіскен және де татуласу келісімі бойынша талап қоюшыға мемлекет тарапынан төленген мемлекеттік баж алымы мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан қайтаруға жатады. Салық Кодексінің 108-бабына сәйкес.