Хабар телеарнасы

8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай елімізде көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Әр аймақ өз мүмкіндігіне қарай мәслихат шешімімен бекітеді. Әзірге белгілісі 36 мыңға жуық елордалық әйел атап айтқанда, көпбалалы және аз қамтылған аналар ие болады. Оларға 2,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек беріледі. Шымкентте 67 741 көп балалы ана тұрады. Олардың арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен 4-5 бала тәрбиелеп отырғандар да бар. Барлығына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем берілмек. Ал қалған өңірлер бойынша мәлімет мереке күніне дейін белгілі болады.