Қазақ театры қайтсе көркейеді?
Алматыдағы театрда 800 млн теңгеге сатып алған сахна киімдері бір-ақ рет киілген. Бағасы қымбат киімнің сапасы нашар болғандықтан театр артистері киюден бас тартқан. Бұл туралы Мәжілісте өткен комитет отырысында баяндаған депутат Ринат Зайытов театрдағы ақшаның игерілуін сынға алды. «Театр талабына сай киім тіктіру мүмкін емес, ол үшін әр театрдың дербес киім цехі болуы керек»,– деді депутат. Сондай-ақ ол театрларды қаржыландырудың ала-құлалығына да тоқталды. Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры бір қойылымға ары кетсе 10 млн теңге жұмсайды. Ал Астана балет театрындағы «От қыз» балетін қоюға республикалық бюджеттен 309 млн теңге бөлінген.
Ринат Зайытов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Алматы қаласы Абай атындағы опера және балет театрында демеушісінің айтуына қарағанда «Хан Сұлтан. Алтын орда» операсына 736 млн теңге бөлдік деп көрсетіп отыр. Бір қойылымға. Бұл қандай әділеттілік болуы мүмкін?