Хабар телеарнасы

Өскемендік голланд қызғалдағының 15 түрін өсіреді

Өскемен қаласының тұрғыны Владислав Мальцев голланд қызғалдағының 15 түрін өсіреді. Бағбан ауласындағы жылыжайын баққа айналдырған. Бүгінге дейін 20 мыңнан астам гүл өсіріпті. 

Владислав гүлдердің тұқымын Голландиядан алдырады. Әр қызғалдақты жерсіндіру үшін суару технологиясына баса мән беріп, температураның өзін ғылыми дәлдікпен қояды.

Гүл өсіріп көл-көсір пайдаға кенелу мүмкін емес. Мысалы, бір гектар жерге 200 келіден астам тыңайтқыш қажет. Жылыжайды үнемі жылы ұстау керек. Мұның бәрі – шығын. Бірақ Владислав өзінің жұмысын махаббатпен істейді.

Владислав Мальцев, Өскемен қаласының тұрғыны:

-Маған гүлдердің өсіп-жетілгенін көру ұнайды. Тұқымнан бастап гүлге айналғанға дейінгі процесс көз алдыңызда. Табиғаттың осындай құдіретіне таңдас басқа амалыңыз қалмайды. 

Владиславтың өсірген гүлдері хабарлық аруларды да қуантты. Мереке қарсаңында әріптестерімізге дайындаған тойынсыйымыз сәтті болды.

Эльмира Ахметова, «Хабар» Агенттігі» АҚ өңірлік тілшілер желісі департаментінің меншікті тілшісі:

-Біздің жергілікті кәсіпкердің гүлі, мінекей. Керемет. Әлі бірнеше апта тұрады деді қауызын жарып. Сондай әдемі.

Жерлігікті бағбанның өніміне тұрғындардан сұраныс жоғары. Владислав Мальцев енді кәсібін кеңейтіп, гүл дүкендерін ашуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Аланбек Шығыр, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин