Хабар телеарнасы

Шымбұлақта қар көшкіні жүрді

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында аспалы жолға жақын жерде қар көшкіні жүрді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Демалыс орны таратқан мәліметке сәйкес 3 турист шаңғы тебу үшін тыйым салынған аймаққа шығып кеткен. Шаңғышылар тау бөктерін кесіп сырғанаған. Сондықтан қар көшкіні жүрген. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Құтқарушылар қауіп төндіретін кейбір соқпақ жол мен шаңғы трассасын жапты.