Хабар телеарнасы

Шымкентте жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді

2022 жылы пара алып, алаяқтыққа жол берген 35 тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс тіркелген. Былтыр 13 маман жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары «AMANAT» партиясымен бірлесіп, тәртіп сақшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Жандос Бекасанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Заң мен тәртіп қағидаты аясында департаментпен бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда Ішкі істер органдарымен бірлескен іс-шара жоспары бекітілген. Кездесулерден бөлек азаматтардың өтініштерін сапалы әрі жедел қарау үшін бірлескен мобильді топ құрылды.